10 наурыз 2017 жыл сағ. 15.00 Алматы музейінде Қазақстан халқы Ассамблеясына арналған және Алғыс айту күніне орай «Ел бірлігі-достықта» атты көрме ашылады. Бұл Алматы қаласы ҚБ (қоғамдық бірлестік) «Қазақстандық орыс мәдени орталығы» және Алматы музейі бірлесіп ұйымдастырған жоба.

1 наурыз 1995 жыл Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен әлемде теңдесі жоқ, мемлекеттің қоғамдық- саяси алаңында бірегей институт «Қазахстан халықтары Ассамблеясы» туралы заң қабылданды. 2016 жыл 14 қаңтарда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялады. Бұл күннің маңыздылығы- барлық этностар бір-біріне алғыс айтып және мейірбандық таныту. Бұл мейірімділіктің, достықтың және махаббаттың жарқын мерекесі.

Көрмеге Алматы музейі қорындағы фотосурет-құжаттар, тұрмыстық заттар, музыкалық халық аспаптары және т.б. түпнұсқа жәдігерлер қойылған. Экспозициядағы орыс халқының ұлттық киімдері, кәдесый бұйымдары, ыдыс-аяқтар жиынтығы мен кітаптары зор қызығушылық туғызбақ.

Көрменің ашылуына Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Ресей Федерациясының бас консулы А.М. Демин, Орыс мәдени орталығының төрағасы В.А. Лукашев, «Семиряночка» ансамблі және басқа да ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері қатысады.

Алматы музейі барлық алматылықтарды және қала конақтарын көрмеге шақырады.