Алматы музейінде 9 ақпан 2018 жылы сағат 15:00 қазіргі заман суретшілерінің «Магия творчества» атты қолданбалы өнер көрмесінің ашылуы өтеді.  

Кесте тоқу қазіргі заман қолөнерінде айрықша орын алады. Кесте тоқудың отаны – Франция. Бірақ, бұл іспен айналысу қазақ халқына ежелден тән болған. Ата-бабадан қалған мұрамыз, бүгінгі күні қазіргі заман өнерінде өз орнын тауып отыр.  

Әрбір бұйым, әрбір аяқталған туынды сан ғасырлық тарихты баяндайды. Көрмеде ұсынылған дүниелер қазіргі күнге дейін күрделі, монументалды композициядан жеңіл, жарқын шешімдерге дейін дәстүрлі техникамен орындалған.  

Көрменің басты мақсаты қазақтың мәдени мұрасын насихаттау. Көрме Алматы қаласының өнер майталмандарының сәндік-қолданбалы өнерімен және шығармашылығымен таныстырады. Солардың бірі суретшілер отбасынан шыққан Жанат Табылдиеваның жұмыстары қойылады.  

Көрме аясында суретшілер тегін шеберлік класын өткізеді.