Бүгін Алматы музейінде "Қазақстанның киелі жерлер географиясы" жобасын жүзеге асыру аясында «Қазақстанның киелі географиясы» тақырыбында фото көрме ұйымдастырылды. Көрмеде Алматы қаласының қасиетті орындарының фотосуреттері мен Алматы маңынан табылған археологиялық заттар қойылған. Көрме 1 наурызға дейін болады. Алматы музейі барлық алматылықтар мен қала қонақтарын көрмені тамашалауға шақырады.