2018 жылы  наурыз айы бойына Алматы музейінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік қолданбалы өнер колледжінің 80 жылдығына және Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат, колледжінің 30 жылдығына орай төмендегі тақырыптар бойынша колледждер арасындағы қолөнер байқаулары және шеберлік класстары ұйымдастырылады:

  • 1 наурыз 2018 жылы «Көркем әшекейлеу және графика»;
  • 6 наурыз 2018 жылы «Гобелен, кесте және киіз»;
  • 13 наурыз 2018 жылы «Мүсін және қыш бұйымдары»;
  • 30 наурыз 2018 жылы «Ағаш ою және зергерлік бұйымдар».

Байқау жаңа таланттарды ашуға,  сәндік-қолданбалы өнерді сүйетін жас жеткіншектердің кәсіби шеберлігін шыңдауына қосымша мүмкіндіктер туғызу, олардың интеллектуалдық деңгейлерін жетілдіру, отандық және әлемдік өнер мен мәдениетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Байқау О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің бастамасымен, Т. Жүргенов атындағы колледж Қазақ Ұлттық өнер академиясы колледжі, Алматы қаласы әкімшілігі, Алматы музейі, CENTER OF YOUNG ARTISTS, Алматы қаласы Бостандық  ауданының әкімшілігі, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО ҚР Ұлттық Клубтарының қолдауымен ұйымдастырылады.

Байқау барысында

  • Шеберлік сабақтар, байқауға ұсынылған жұмыстар көрмесі;
  • Үздік жұмыстарды марапаттау рәсімі және сертификаттар тапсырылады.

Алматы музейі қала тұрғындары мен қонақтарын шеберлік сыныптарына қатысып, көрмені тамашалауға шақырады.