8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Алматы музейінде атақты қазақ аруларының портреті ұсынылған әйгілі, біртуар тұлғалардың көрмесі өтеді.

Бұл көрменің басты бастамшысы бейкоммерциялық ұйым Women of Kazakhstan «Алматы қаласы музейлер бірлестігімен» бірге ұйымдастырылады. Оның негізгі қызметі тарихтағы әйелдердің бірегей тұлғалары жайлы мәлімет жинау және оны тарату болып табылады. Материалдарды жинақтау жұмыстары 1950 жылдан бастау алады және де бұл коллекция түбінде Қазақстандағы алғашқы әйел музейін құру үшін негіз болмақ.

Көрме Алмалы ауданының және Алматы қаласы мәдениет және архивтер басқармасының қолдауымен өтеді.

Көрменің негізгі мақсаты- әйел адамның образын қала тұрғындары мен қонақтарына ұсыну, олардың кәсіби, өмірлік жетістіктері жайлы нассихаттау және жас ұрпақтың рухын көтеру.

Көрме аясында тарихи тұлғалар жайлы шыққан еңбектер, ашық хаттар, төсбелгілер, маркалар, конверттер және күнтізбелер ұсынылады.