22 наурыз Ұлыстың ұлы күніне орай, сағат 09:00 бастап Алматы қаласында Бөгенбай батыр мен Панфилов көшесінің қиылысында (Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академияясының алдындағы алаң)  Алматы қаласы музейлер бірлестігі  қазақ дәстүрі бойынша киіз үй тігеді.  

Мұражай фестивалінің мақсаты азаматтар арасында патриоттық сезімдер мен төзімділікті қалыптастыру, қазақ халқының салт-дәстүрлерін құрметтеу, қоғамның жаңару идеясын кеңейту болып табылады.
Бұрындары «Наурыз мейрамы» көктемнің, еңбек пен бірліктің ұлттық мерекесі болды. Бүгін, бұл мереке көпұлтты Қазақстандағы барлық халықтарға бірдей қымбат. Ежелгі Наурыз мерекесі ежелгі дәстүрлердің сақталуын нықтап, заманауи өмірге үйлесімді түрде жандандырды.
            Наурыз мерекесі әртүрлі ұлт өкілдерінің арасында ұлттық дәстүрлердің, өзара түсіністіктің сақталуына ықпал етеді. 
                    Көрмеде Жетісу мен Алматы облысындағы қазақ киіз үйінің археологиясы мен интерьерінің артефактілері ұсынылады: сақ қазаны, келі- келсап, қоржын, сырмақ, кебеже, жағлан, жүк аяқ, жастық ағаш, көрпе қойылады. Сондай-ақ, Д.А. Қонаевтың жазу столы, қаламы, көзілдірігі қобдишасымен, күнтізбесі мен шамы, киімдерінен: шапаны, костюмдері, 24 фото суреті проектор экранында киносы көрсетіледі. 
            Н. Тілендиевтің дирижерлік киімі, музыкалық аспаптары: домбыра, қобыз,  қосдүңкілдек, сылдырмақ және отбасылық фото суреттері мен өзі түсірген «Құстар әні», «Өз елім», «Алатау» нота дәптерлері көрмеге ұсынылады. Сондай-ақ, «Отырар сазы» оркестрі өнер көрсетеді.

Алматы қаласы музейлер бірлестігі барлық алматылықтар мен қала қонақтарын ерекше көрмені тамашалауға шақырады.