Суретші-зергер Каспаравичюс Гражвидастың (Литва) «KAUKĖ. Бетперде» атты жеке көрмесі.

Алматы музейінде Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасының қолдауымен суретші-зергер Каспаравичюс Гражвидастың (Литва) «KAUKĖ. Бетперде» атты жеке көрмесі ашылды.

Гражвидас Каспаравичюс 1968 жылы 10 ақпанда Кретинг қаласында зергерлер отбасында дүниеге келген. Соңғы уақытта оның назары көркем материал янтарь тасына ауды. 2010 жылдан бастап аталған таспен жұмыс жасап, 2011 жылы Литваның халық шебері атағын алады. Шебердің айтуы бойынша, «Балтық бойы тасы» - бұл таңғажайып жаңалықтардың, шексіз ой-қиялдың сарқылмас көзі.

Шебер янтарь тасын металл бетіне кең көлемде қоя отырып, тастың түсі мен құрылымының бірегей ерекшеліктерін қолданады. Оның күрделі мәнге ие туындылары аңыздар мен қиял әлеміне аттандырады.

Түрлі авторлық идеяларды жасау арқылы зергер табиғаттың ежелгі дүниесі - янтарь тасының айқын көркемдік қасиетін өз дүниетанымына бағындырады. Ол өз туындыларына сиқырлы күшке ие тұмар секілді үлкен мағына береді.

 Көрме 29 мамырға дейін жалғасады