17 сәуір 2017 жылы Алматы музейінде 18 сәуір- Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай Ұлы жібек жолының бір нүктесі болған қазіргі Қастек І қалашығында табылған археологиялық жәдігерлердің көрмесінің ашылуы өтті.

Қалашықтың аумағы 300 га. жерді алып жатыр. Көне қалашық Қастек ауылынан оңтүстікке қарай 2,5 шақырым жерде, Суық - Төбе тауының етегінде орналасқан.

Көрмеде бірегей керамикалық кешендер, ас ыдыстары, сүйектен, қоладан жасалған бұйымдар, әскери қару-жарақтардың фрагменттері, жебе, сауыт пластиналары, шаруашылық құралдары т.б көпшілік назарына ұсынылған.

Көрменің салтанатты ашылуында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің археология, этнология жэне музеология кафедрасының профессоры, тарих гылымдарының докторы, «Археолог» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС-ның директоры Мадияр Елеуов, Ә. Марғұлан атындағы археология институтының археологы Арнабай Нұржанов және тарих факультетінің студенттері мен магистранттары қатысты.