Фото авторы Ринат Зевриев

         16 маусым 2017 жылы сағ.15.00 Алматы музейінде «Ел бірлігі – достықта» атты көрме ашылды. Қазақстан халқы Ассамблеясының көрмелер циклі аясында ұйымдастырылған көрме «Ватандаш» қырым татарлар мәдени орталығына арналған.

Фото авторы Ринат Зевриев

1 наурыз 1995 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен әлемде теңдесі жоқ, мемлекеттің қоғамдық-саяси алаңында бірегей институт «Қазақстан халықтары Ассамблеясы» туралы заң қабылданды.

Қырым татар мәдени орталығы 16 маусым 2010 жылы Алматы қаласында құрылып, 2011 жылдың желтоқсан айында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі болды. Орталықтың басты мақсаты халық дәстүрін, мәдениетін, тілін және басқа да құндылықтарын сақтау, әрі дамыту болып табылады. "Ватандаш" орталығының мәліметінше, Қазақстанда қазір бір жарым мыңға тарта Қырым татарлары тұрады.

Фото авторы Ринат Зевриев

Көрмеде қырым татар халқының кәсіпшілік өнімдері, ыдыс-аяқ, керамика өнімдері, ұлттық киімдері және қырым татарлары жайлы кітаптар мен журналдар ұсынылған.

Фото авторы Ринат Зевриев

Көрменің ашылуына Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, Алматы қаласы әкімі аппараты КГУ «Қоғамдық келісім» директоры Мұрынова Ж.Ш., «Ватандаш» Ауған орталығының төрағасы және Алматы қаласының басқа орталықтарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ ұлттық ән-би ансамбльдері өз өнерлерін көрсетті.

Фото авторы Ринат Зевриев

Алматы музейі барлық алматылықтар мен қала қонақтарын көрмені тамашалауға шақырады.