Қазақстанда альпинизм тарихы 1920 жылдардан басталады. 1930-шы жылдары Қазақстан альпинистері ауданның географиялық картасын анықтай отырып, Іле Алатау шыңдары: «Абай», «Талғар» Е. Колокольниковтың жетекшілігімен   «Хан Тәңірі» (1936) , «Жамбыл» (1937) және т.б. шыңдарды бағындырды. Алматы альпинстері Ұлы Отан соғысындағы жеңіске өз үлестерін қосты. 1943 жылдың наурызында «Горельник» турбазасында Бүкілодақтық дайындық мектебі құрылды. Бұл мектепте соғыстағы 1500 нұсқаушы және таудағы әскери іс-қимылдарды жүргізіп жүрген 12 000 тау атқыштары даярланды. 1982 жылы Гималай экспедициясының қатарындағы Қазақстандық альпинистер Е. Ильинский, С.Чепчев, Қ. Уәлиев, В. Хрищатый күрделі бағыт бойынша Эверест шыңына шықты. 1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев қатысқан «Абай» шыңын бағындыру экспедициясы респуликадағы алипиниада тарихындағы бұқаралық альпинизмнің бастауы болды.