Мультимедиалық көрме келушілерге Тәуелсіздіктің алтын бесігі – Алматы қаласының тарихымен танысудың бірегей мүмкіндігін ұсынады. Тарихи материалды қызықты етіп беру жарқын әсер қалдырады және заманауи қазақстандық мегаполис туралы білімдерін кеңітеді, ол елдің қаржылық, экономикалық, мәдени, туристік орталығы болды және солай болып қала бермек.

Нақ осы Алматыда 25 жыл бұрын біздің еліміздің тәуелсіздігі декларациясы қабылданды. Алматы әлемдік ІЖӨ-нің 60%-ын беретін 600 ірі қаланың тізіміне кіреді. GlobalandWorldCities (Ұлыбритания) зерттеулері қорытындысымен Алматы Әбу-Дабимен, Лионмен, Роттердаммен бірге  ірі әлемдік қалалардың қатарына кіреді. Қаланың даму қарқынын  «FinancialPost» журналының мәліметтері де қуаттайды: мәселен, Алматы даму серпіні жөнінен 2015 жылы әлем қалаларының ТОП-10-дығына енді.

Президент саясатының нәтижесінде Алматының жалпы өңірлік өнімі Тәуелсіздік жылдарында 100 есе өсті, ал оның ІЖӨ-дегі үлесі 2 есе (10-нан 22,2%-ға дейін) ұлғайды. Қала ел экономикасының бестен бір бөлігін, республика бюджеті түсімінің үштен бір бөлігін қалыптастырады.

Көрменің мультимедиалық форматы қала және Жетісу өңірі жөніндегі бірегей тарихи суреттер мен бейнематериалдарды қамтиды. Материалдарды серпінді және интерактивтік форматта көрсету қала тарихының маңызды күндері мен фактілерін жеңіл түрде таныстыруға мүмкіндік береді. Үлкен экрандардағы көрсетілімдер, анимациялар элементтері мен музыкалық көркемдеу қонақтардың қала тарихы ахуалына «дендеп бойлау» мүмкіндігін сыйлайды.

3D-тур Алматының Республика алаңы, «Медеу» спорт кешені, ҚР Тұңғыш Президенті саябағы, Көктөбе, универсиаданың «Мұз айдыны 1» спорт нысаны, универсиаданың «Мұз айдыны 2» спорт  нысаны, Абай атындағы опера және балет театры, Қасиетті Вознесенск соборы, «Боралдай сақ обалары» археологиялық паркі, «Қазақстан» мейманханасы, трамплиндер кешені, Даңқ Мемориалы, Қазақ мемлекеттік циркі, Атлетикалық қалашық, «Алатау» шипажайы, ҚР Тұңғыш Президенті қорының «Жайлау» гольф-клубы, Метроның Абай стансасы, Алматы қаласының орталық мешіті сияқты көрнекті жерлерін тамашалауға мүмкіндік береді.