Алматы аумағындағы алғашқы қоныстар б.ж.с.д. XIV–XII ғасырлардың өзінде пайда болған. Ғасырлар бойы ұлыстық және саяси бірлестіктер ауысып жатты. Өңірдегі өмір сипаты бірде өшіп, енді бірде қайтадан жанданды.

Бөлімнің негізгі тақырыбы - Алматының үш мың жыл бұрынғы пайда болған шағын қоныстардан Ұлы Жібек жолындағы әкімшілік билік, қолөнер, сауда, мәдениет және идеология орталығына, ортағасырлық қалаға айналған урбанизация үдерісі.

ХІІІ ғасырдың соңындағы күміс шақалар – дирхемдер ХІІІ-XIV ғасырларда Қазақ хандығы құрылғанға дейін қала өмір сүргенін айғақтайды.

Экспозиция бай ақпараттық-иллюстрациялық материалдарды көрсететін  мультимедиалық технологиялардың кең ауқымымен қанықтырылған.