Экспозиция Қазақ хандығы қалыптасуы тұсындағы өңірдің тарихына, қазақтардың әскери өнеріне, қазақ этнографиясына арналған. Интерактивтік тақтада Қазақ хандығының картасы, қазақ билеушілерінің ата-тек шежіресі, ортағасырлық қолжазбалар мен шығармалар, дипломатиялық хат алмасу құжаттары көрсетіледі.

Қазақтардың ортағасырлық әскери өнері жайлы баяндайтын экспозиция қазақ жауынгерлерінің Қазақ хандығы қалыптасуы кезеңіндегі жауынгерлік құрал-саймандарымен таныстырады.

Қазақ халқының материалдық мәдениеті бөлімінде зергерлік өнердің бірегей үлгілері, Жетісу қазақтарының қолөнері мен шаруашылық салты туралы баяндайтын тұрмыстық заттар қойылған.

Интерактивтік тақтада дәстүрлі қазақ үй-жайының үлгілік сипаттамалары, дәстүрлері, салттары, ұлттық ойындары көрсетіледі.