23 желтоқсан күні Алматы музейінде «Әйнек пішіні» атты көрме ашылды. Көрмеде Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер Академиясының «Монументалдық кескіндеме», «Ладшафтық дизайн», «Өндірістік дизайн» мамандықтарының 3-4 студенттерінің жобалары бойынша өз қолдарымен әйнектен жасалған зергерлік бұйымдары мен экспозициялық жабдықтардың жұмыстық макеттері қойылған. Экспозиция ежелден белгілі өнер түрлеріне жастардың заманауи көзқарасын ұсынады. Ашылу салтанатына Т. Жүргенов атындағы КазҰӨА ректоры А.Ж. Абдуалиев бастаған оқытушылар және студенттер тобы қатысты