Алматы музейінде Алматы қаласы музейлер бірлестігінің экскурсоводтары арасында Дүниежүзілік экскурсоводтар күніне арналған «Үздік экскурсовод-2020» конкурсы өтті.
Дүниежүзілік экскурсоводтар күні Халықаралық экскурсоводтар ассоциациясы федерациясының World Federation of Tourist Guide Associations (WFTGA) бастамасымен 1990 жылдан бері тойланып келеді. Көптеген шет мемлекеттерде Халықаралық экскурсоводтар күні тұрақты, әрі кең ауқымда атап өтіледі.
Конкурсқа қатысушылар үш кезең бойынша: «Музей бойынша виртуалды экскурсия», «Менің сүйікті экспонатым/объектім», «Музей фрагменттері» сайысқа түсті. Әр кезең критерийлеріне сәйкес, барлық қатысушылар жоғарғы деңгейдегі дайындықтарын көрсетті. Қатысушылар қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындарға ие болды.⠀
І орын иегері – Құсаинова Алтынай (С. Мұқанов пен Ғ. Мүсірепов әдеби-мемориалдық кешені);
ІІ орын иегері – Қожаханова Жансая (Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі);
ІІІ орын иегері – Егізбаева Амина (Алматы музейі);
Сонымен қатар Елтай Балерке (Д.А. Қонаев музейі), Жаңбырбай Мөлдір (Н. Тілендиевтің мемориалды музейі) және Жұмағұлова Фарида (Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы) алғыс хаттармен марапатталды.