2020 жылдың 3 наурызы күні Алматы музейінде көктем мерекелері аясында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Өнер, мәдениет және спорт институтының оқытушылары мен студенттерінің жұмыстарынан құралған «Гүлденген көктем» көрмесінің ашылуына шақырады.

Көрменің мақсаты – Өнер, мәдениет және спорт институты оқытушылары мен студенттерінің туындыларын тек отандық дизайнерлер арасында ғана емес, барша көрерменге – қала тұрғындары мен қонақтарына насихаттау болып табылады.

Іс-шараға Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Тоққожа Қожамқұлов, директордың ғылым жөніндегі орынбасары Ақмарал Сманова, профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысады.

Мерекелік іс-шарада сіздерді: ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀

- концерттік нөмір

- дефиле

- фуршет күтеді.

Көрмеге кіру тегін! 12 наурызға дейін жалғасады.