Экспозиция қаланың ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысындағы дамуына арналған. Қызылағашшы-шеберлердің жиһаз өнеріндегі сирек үлгілері және ХІХ ғасырдағы күнделікті тамаша заттар сол дәуірдің қайталанбас ахуалын бейнелейді.

Экспозицияның орталық бөлігі Андрей Павлович Зенковқа бөлінген. Құжаттар, жеке заттары, бірегей техникалық жасалымдары көрнекті шебердің көпқырлы шығармашылығымен таныстырады – оның есімі өңірде жаңа ғылым - сейсмикалық берік құрылыс салудың түлеуімен байланысты.

Экспозициядағы бейнематериалдар қаланың жоспарлау құрылымын, Верный ғимараттарының сәулетіндегі стильдік әртүрлілікті, 1887 және 1911 жылдардағы жойқын жер сілкінісінің салдарын бейнелейді.