Бұл залда алғашқы хабарлардың түсірілуі мен белгілі дикторлардың фотосуреттері, мұрағаттық тарихи деректер және экспозициядағы телерадио аппаратуралары телевизия тарихының маңызын ашып, LED экран арқылы берілген.

Қазақтың музыка өнерінің дамуы бірқатар дарынды композиторлардың А. Жұбанов, М. Төлебаев,     Е. Брусиловский мен шебер орындаушылар К.Байсейітова, Р. Бағланова, Б. Төлегенова,           Е.Серкебаев және кино өнерінің майталмандары Ш. Айманов, Ә. Әшімов есімдерімен тығыз байланысты.  Бұл кезең проекциялық экранмен сипаттал отырып, экспозицияда қойылған қазақ киносының алтын қорына енген «Қыз Жібек» көркемфильмінің бейнетаспалары, суретші                     Ж. Шарденовтың этюднигі, әйгілі Дос-Мұқасан ансамблінің және т.б. әртүрлі музыкалық аспаптар, кинокамера құрылғысы қаланың мәдени келбетін айқындайды.