Венгриялық мамандар Алматы музейінің қонағы болды
2017 жылы 8 қыркүйекте Венгрияның Сыртқы істер және сыртқы сауда Министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Др. Иштван Микола бастаған делегация Алматы музейінде қонақта болды. Құрметті қонақтар қаламыздың мың жылдан астам тарихын баяндайтын музей экспозициясымен танысты. 
Делегация құрамында: 
1) Венгрияның Сыртқы істер және сыртқы сауда Министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Др. Иштван Микола
2) Венгрия Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Др. Андраш Барани
3) Венгрия Ұлттық онкология Институтының бас директоры профессор Др. Миклош Кашлер
4) Венгрияның Сыртқы істер және сыртқы сауда Министрлігінің департамент жетекшісі Миклош Гаал мырза
5) Венгрияның экономика істері бойынша атташе Дердь Тар мырза болды.
Шетелдік қонақтар экскурсия барысында қазақ халқының өмірі мен тұрмысына, мемлекеттің қазіргі жағдайына аса қызығушылық танытып, елдер арасындағы ынтымақтастық үшін үлкен алғыстарын жеткізді.