3 қазан күні «Глобус» ойын-сауық орталығында Алматы музейі ұйымдастыруымен «Фотоаппарат обьективіндегі Алматы» жылжымалы көрмесінің ашылуы өтті. Аталған көрме Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты 35 мыңнан астам қоры бар, қола дәуірінен бүгінге дейінгі тарихи мәдени мұраны сақтап, насихаттап отырған Алматы музейін таныстыру, насихаттау болып табылады. Көрмеге Алматы музейі қорындағы фотокартиналар мен радиоқабылдағыштар коллекциясы қойылды. Ашылу рәсімінде ойнатылған викторина жеңімпаздары Алматы музейіне тегін билеттермен, демеушілер тарапынан сыйлықтармен марапатталды. Көрме 13 қарашаға дейін жалғасады.