5 желтоқсан күні Алматы музейінде Венгрия Ғылым Академиясы, Этнология институтының аға ғылыми қызметкерлері Шанта Иштван және Давид (Дәуіт) Шомфай Қара музеймен ынтымақтастық орнату мақсатында қонақта болды. Экскурсия барысында танымал тюркологтар музей экспозициясына ерекше қызығушылық танытып, қазақ тілінде жылы лебіздерін жеткізді.