«Жұлдызбен музейде» акциясы жалғасуда. 19 қазан күні Алматы музейінде Қазақ эстрадасының танымал әншісі Мадина Садуақасова мен жас актер, әнші Артур Толепов қонақта болды.
«Жұлдызбен музейге» акциясының негізгі мақсаты: қазіргі қоғам жастары үшін идеал болып саналатын Қазақстан жұлдыздарының қоғамдық өмірге белсене қатысуы арқылы, тарихи мұра мен құнды музей экспонаттарын таныстыру мен насихаттау және музейге бару мәдениетін қалыптастыру болып отыр.