24 қараша күні Алматы музейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолдауымен өткізілетін «Қазақстан монументалды өнеріндегі заманауи тенденциялар: көркем витраж және мозаика – 2017» атты көрменің ашылуы өтті.

Монументалды өнердің жаңа бағыттарымен жұмыс істеген және витражбен мозаиканың заманауи әдіс-тәсілдерін меңгерген, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА жас суретшілерімен ұйымдастырылған экспозиция көркемсурет акциясы ғана емес, сонымен қатар, қала ортасының сырт келбетін, сәнін жақсартуының ойын айшықтауға арналған жоба ретінде ұсынылады. Бұл көрме Қазақстанның ұлттық мәдениеті дамуына барлық жолмен жаңа импульс береді деп ойлаймыз.