29 қараша күні Алматы музейінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Алматы музейі ҚР Президенті мұрағатымен бірлесе отырып «Ұлт көшбасшысы» фотоқұжаттар көрмесін өткізді. Президент Н.Ә. Назарбаевтың бәсегеке қабілетті экономика, қолайлы әлеуметтік саясат, елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету мен ұлтаралық келісімге бағытталған стратегиялық курсын жүзеге асыруының арқасында Қазақстан қарыштап дамыған елге айналып отыр. 
Заманауи Қазақстан аймақтық және әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын Орталық Азиядағы тұрақты дамушы мемлекет болып табылады. 
Көрмеде Алматы музейі ҚР Президенті мұрағаты қорынан алынған құжаттық деректер, Алматы музейі қорынан республикадағы атақты фотографтардың авторлық жұмыстары қойылды.