1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың түрмеде отырып жасаған сандықшасы.  Халық қаһарманының өз қолымен жасаған дүниесі артында қалған Тәуелсіз елдің ұрпақтары үшін мәңгілік естелік ретінде Алматы музейінің Желтоқсан залынан өз орнын алған.