Көпжылдық археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде,отырықшы мәдениеттің жоғары дамығандығын дәлелдейтін көптеген құнды артефактілер табылған. Осы табылған  артефактілердің көбісі экспозицияда ұсынылған және де музей қорында сақтаулы.

Ұлы Жібек жолының бойымен сауда қатынасымен қатар, түрлі діндер мен мәдениеттер алмасып отырғаны белгілі. Ұсынылып отырған шырағдан ортағасырлық Қаялық қаласынан табылған. Бұл шырағдан зерттеушілердің пікірінше, будда және христиан діндерінің қосылысынан туындаған манихей дініне жатады.