Қымбатты  қала тұрғындары мен қонақтары, біздің Алматы музейіне Сіздерді Алматы қаласының көрікті жерлері бойынша виртуалды тур жасауға шақырамыз! Виртуалды тур ол музей ішінде жаңа форматта экскурсияны жүргізу болып табылады.  Алматы – Қазақстанның саяси, ғылыми, мәдени, қаржылық және өндірістік ірі мегополисі. Қала мәдениетінің қалыптасуының ғасырлық дәстүрі бар. Виртуалды тур Сізге пайдалы ақпарат алуға және сол көрікті жерлерге еш кедергісіз көруге  шексіз мүмкіндік береді. Келіңіздер, көріңіздер!

Виртуалды тур объектілері: Республика алаңы, Свято-Вознесенский соборы, ҚР Тұңғыш Президенті саябағы, Көктөбе телевизиялық мұнара, «Сұңқар» Халықаралық трамплиндер кешені, Қазақ мемлекеттік циркі, Атлеттік деревня, Ұлт басшысы – ҚР Тұңғыш Президенті қоры ғимараты, «Абай» метро станциясы, «Медеу» спорт кешені, Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театры, «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық саябақ, «Қазақстан» қонақ үйі, «Даңқ» мемориалы, «Алматы-арена» мұз сарайы, «Алатау» шипажайы және гольф-клубы, «Орталық мешіт».