Алматы музейінде «Жұлдызбен музейде» акциясы өз жалғасын қайтадан тапты. 22 ақпан күні сағат 17:00 акцияның қонағы танымал Kesh You  тобы келушілер үшін музей экскурсоводы қызметін атқарады.

 «Жұлдызбен музейге» акциясының негізгі мақсаты: қазіргі қоғам жастары үшін идеал болып саналатын Қазақстан жұлдыздарының қоғамдық өмірге белсене қатысуы арқылы, тарихи мұра мен құнды музей экспонаттарын таныстыру мен насихаттау және музейге бару мәдениетін қалыптастыру болып отыр.

«Жұлдызбен музейде» акциясы бойынша осыған дейін музейімізде Азамат Сыздыков, Сәкен Майғазиев, Алашұлы тобы, Аян Өтепберген,Әли Оқапов және Жігіттер тобы қонақта болды.

Алматы музейі барлық алматылықтар мен қала қонақтарын әншілермен жақынырақ танысып, қаламыздың тарихымен бірге сусындауға шақырады.