Алматы музейі келушілердің ыстық ықыласына ие болған «Жұлдызбен музейде» акциясы жалғасуда. «Жұлдызбен музейге» акциясы бұл Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылып отырған музейде экскурсия өткізудің жаңа форматы. Акция аясында Қазақстанның көрнекті эстрада, кино, театр және спорт өкілдері келушілер үшін музей экспозициясы бойынша шолу экскурсиясын жүргізеді.

 «Жұлдызбен музейге» акциясының негізгі мақсаты: қазіргі қоғам жастары үшін идеал болып саналатын Қазақстан жұлдыздарының қоғамдық өмірге белсене қатысуы арқылы, тарихи мұра мен құнды музей экспонаттарын таныстыру мен насихаттау және музейге бару мәдениетін қалыптастыру болып отыр. Сол акцияның  қонағы болған - Кешью тобы.