2018 жылы 1 наурызда сағат 10:00-16:00 аралығында Алматы музейінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  О. Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің 80 жылдығы және Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат, колледжінің 30 жылдығына орай «Көркем әшекейлеу және графика» атты колледждер арасындағы көркемсурет байқауы және бұйым жасау шеберлік класы өтті.

Байқау Елбасы жаңа таланттарды ашуға,  сәндік-қолданбалы өнерді сүйетін жас жеткіншектердің кәсіби шеберлігін шыңдауына қосымша мүмкіндіктер туғызу, олардың интеллектуалдық деңгейлерін жетілдіру, отандық және әлемдік өнер мен мәдениетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Байқауға колледж студенттерінің көркем әшекейлеу және графика техникасында орындалған 70-ке жуық жұмыстар ұсынылды.

Байқау барысында шеберлік сабақтар, байқауға ұсынылған жұмыстар көрмесі ұйымдастырылды және қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

Іс-шара соңында конкурс ұйымдастырушылары – О. Таңсықбаев атындағы өнер колледжінің ұстаздары 1-наурыз алғыс айту күнімен құттықтай отырып, үздік екі жұмысты Алматы музейіне алғыс ретінде сыйға тартты.