Алматы музейінде  Ғылым қызметкерлері күніне және Қазақстан геологиясы ғылыми мектебінің негізін қалаушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына арналған «Іргелі ғылым – ел болашағы» атты көрменің жұмысын жалғастыруда.Көрмеде Геолог, ҚР Минералдық ресурстар академиясының корр.-мүшесі, Геология, тектоника және Еуразияның пайдалы қазбалары саласындағы 200-ден астам еңбектің авторы, Қ. И. Сәтбаевтың шәкірті Илья Леонидович Фишманның түсірген Қазақстанның геологиялық парктерінің фотосуреттері көрермен назарына ұсынылды. ҚР Мәдениет қайраткері Б. К. Оразымбетованың айтуынша, Қазақстан – Жер планетасы эволюциясының айнасы. Біздің жеріміз  адамзат тарихындағы барлық геологиялық кезеңдердің куәсі. Алматы осы геологиялық тарихтың үстінде орналасқан. Біз қаламыздың тарихын бастамас бұрын, ежелгі алып палеомұхит орнында орналасқан тауларымыз туралы айтамыз.«И.Л. Фишманның бұл көрмесі арқылы алматылықтар еліміздің бай геологиялық тарихымен танысуға асығулары қажет деп санаймын»,-деп қорытты ойын Бақыт Камалқызы.Көрмеде Л. Фишманның туындыларынан басқа Қазақстан аумағында кездесетін пайдалы қазбалар үлгілері, Қ. Сәтбаевқа қатысты деректі және фотоқұжаттар, геологиялық құрал-саймандар қойылған.