Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рухани қазына» фестивалі ауқымды көлемде ұйымдастырылып келеді.  Биылғы жылы да фестиваль өз жалғасын тауып, Алматы музейінің шаңырағында «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК қызметкерлері арасында «Рухани қазына - 2019» байқауы аталып өтті. Іс-шара барысында әр музейдің үздік қызметкерлері қазылар алқасы алдында өз музейлері туралы 2017-2019 жж. аралығындағы жұмыстарынан құралған таныстырылымдарын қорғады. Байқау қорытындысы бойынша музейлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом, алғыс хаттармен марапатталды. І дәрежелі дипломға ие болған Алматы музейі Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ІІ «Рухани қазына» Республикалық фестиваліне жолдама алды. Байқау қатысушыларына алғысымызды айтамыз!