2019 жылдың 21 мамырында Алматы қаласының «Көгілдір тасбақа» көркем және қолданбалы өнер студиясының көрмесі өтті, мұнда түрлі жастағы балалар 20 жылдан бері оқиды. Көрме Алматы музейінің қолдауымен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылды.

Көрмеде кескіндеме және қолданбалы техника (жібек, гуашь, акварель, кескіндеме, графика, гобелен және т.б кескіндеме) жұмыстары насихатталған. Балаларға алдын-ала арнайы берілген «Жыл мезгілдері» тақырыбы тар шеңберде шығармашылық екпінін тарылтпауға мүмкіндік берді. «Көгілдір тасбақа» студиясында білім берудің негізгі қағидаты әрбір баланың жеке қасиетін дамыту және сақтау болып табылады.

Көрме дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі, сондықтан да балалар өздерін нағыз кәсіпқой суретшілер сияқты сезініп, әр жұмыстарына жауапты келеді. Студия түлектері отандық және шетелдік үздік университеттерде оқуын жалғастырады. Аталған көрмеге бес пен он жас аралығындағы балалар қатысты.