БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

 

 «Алматы көктемі» тақырыбындағы көрменің ашылуы

 

Ашылу салтанаты 5 наурыз 2019 жыл, сағат 15:00-де.

            Биылғы жыл қазақстандықтар үшін ерекше жыл. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында 2019 жыл – Жастар жылы деп жариялаған болатын. Жолдау аясында әртүрлі іс – шаралар қалалық және аудандық көлемде ұйымдастырылып келеді. Келе жатқан көктем мерекелері қарсаңында, Алматы жастарының шығармашылығын қолдау және алматылықтар мен қала қонақтарына көктемдік көңіл-күй сыйлау мақсатында «Алматы көктемі» тақырыбында көрме ұйымдастырылады.                

            Көрмеге «Сымбат» Дизайн және технология академия колледжі студенттерінің қолынан шыққан киім-бұйымдары қойылып, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты, танымал суретші Анар Әбжанованың туындыларымен безендіріледі, сондай-ақ келген қонақтарға арналған концерттік нөмірлер қойылады.

            Құрметті БАҚ өкілдері Сіздерді көрменің ашылуына қатысуға шақырамыз!