«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында «Білікті бітімгер» атты көшпелі қор көрмесінің

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

Шара: «Білікті бітімгер» көшпелі қор көрмесі

Көрменің  басталуы: 5.07. 2019 ж.,  сағ. 11:00

Өтетін орны:  Қабанбай батыр көшесі, 132

Ұйымдастырушылар: «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы және Алматы музейі.

2019 жылдың  шілде  айының  5 жұлдызында Алматы музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында орталық ұжымы және Алматы музейі бірлесе отырып «Білікті бітімгер» атты көрме танымдық сабағын өткізеді.

Көшпелі қор көрмесі  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының дара жолы мен Тәуелсіз Қазақстанның шежіресі насихатталады. Сонымен қатар көрме Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы күні қарсаңында ұйымдастырылып отыр.

Көрменің мақсаты мен міндеттері:

• «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағыты негізінде Тәуелсіз Қазақстанның болашағы өскелең ұрпақтың қолында екендігін түсіндіру;

•  Егеменді еліміздің әлемдік саяси аренадағы алатын орны мен беделіне Елбасының ерен еңбегі арқасында жеткенімізді насихаттау.