БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

Қазақстан Республикасының

«Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК

теміржол көлігінің орталық музейі  

Алматы музейі

 

1 тамыз 2019 жылы сағ 15.00 Қазақстан Республикасының теміржол көлігінің орталық музейі және Алматы музейінің бірлесіп ұйымдастыруымен көлік қызметкерлері күніне арналған көрменің ашылуы өтеді.

1930 жылы 25 қаңтарда 9 тауар және 1 жолаушылар вагонынан құрастырылған сынақ пойызы «Бірінші Алматы» және «Екінші Алматы» станцияларын байланыстыратын теміржол желісін, қалалық тармақтарды бастады. Қаланың барлық құрылысын басқару үшін Қазақ КСР ХКК жанынан Құрылыс бюросы ұйымдастырылды.Түркістан-Сібір теміржолының болат рельстерімен Алматыға Сібірдің ағаштары, темірші көмірі, Орал металы, Вольга цементі, кірпіш пен құрылыс техникасы әкелінді.

Қазақстан үшін темір жол көлігінің маңызы өте зор. Қазақстанда теміржол барлық жүк тасымалы айналымының 68%, ал жолаушы тасымалының 32% қамтамасыз етуде.

Қазақстан темір жолының ұзындығы 15 мың км-ден асады. Қазақстанның темір жол жүйесін көршілес елдермен 16 темір жол торабы байланыстырады (11-і Ресеймен, 2 Өзбекстанмен, 1 Қырғызстанмен, 2 Қытаймен).

Көрмеге Алматы музейі қорынан фотосуреттер, фотоқұжаттар қойылады.

Іс-шараға Қазақстан теміржолы ардагерлері қатысады, қала тұрғындары мен қонақтары қатысады.

Іс-шараға қызығушылық білдерген барлық қауымды шақырамыз.   

Өтетін орны:                                                                          Уақыты:

Қазақстан Республикасының теміржол                           01 тамыз 2019 ж.

көлігінің орталық музейі                                                      сағ. 15.00

Н.Назарбаев даңғылы 127

(Қарасай батыр көшесінің қиылысында)

т/ф. 2964949