БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

 

Алматы музейінде 20 қыркүйек сағат 19.00-00.00-ге дейін

«Музей түні» шеруі

 

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында биылғы жылы 30 тамызда «Музейлер шеруі» республикалық музейлік акциясы бастау алды. Аталмыш іс-шаралар қатары Алматы қаласындағы республикалық және қалалық маңызы бар музейлерде де жалғасын тапқан болатын. «Музей түні» шеруі – Халықаралық музейлер күніне арналған көпшіліктің, әсіресе жастардың музейге деген қызығушылығын арттыру мақсатында көптеген мәдени мекемелер қатысуымен жыл сайын өткізілетін акция.

 «Музей түні» шеруі – Алматының мәдени өміріндегі маңызды шаралардың біріне айналды. Осыған байланысты Алматы музейі төмендегідей мәдени-көңіл көтеру шараларын өткізуді жоспарлап отыр:

  • 11 экспозициялық зал бойынша экскурсиялар;
  • О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі студенттері-шеберлерінің қатысуымен қыш құмыра жасаудан шеберлік сағат;
  • Уақытша көрме залында Гүлнара Шормақованың «Әсем әлем. Балауыз бейнелер» атты авторлық көрмесі;
  • Жас жұлдыздардың қатысуымен концерттік бағдарлама;

Музей экспозициясы бойынша интерактивті квесті