БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

 

Алматы музейінде 24.10. 2019 ж. бастап «Татулығымыз жарасқан» атты көрме жұмыс істейді. Көрме  Қазақстан халқы Ассамблеясына арналған.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен    1995 жылғы 1 наурызда  «Қазақстан халықтары Ассамблеясы» туралы заң қабылданып, елдің, қоғамдық - саяси аренасында әлемде теңдесі жоқ бірегей институт Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған еді. Алматыда көп ұлтты қала, 40-тан астам ұлттар мен ұлыстардың мәдени орталықтары жұмыс істейді. Ұлттар арасындағы

 

өзара татулық пен достықтың арқасында бейбітшілік пен тұрақтылық орнаған. 

         Көрмеде әртүрлі ұлттардың музыкалық аспаптары, ұлттық киімдері, зергерлік  бұйымдары және тұрмыстық заттары т. б. қойылған.

Алматылықтар мен қала қонақтарын қөрмені тамашалауға шақырамыз.