БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

 

«401» көрмесі

Ашылу салтанаты 5 қараша 2019 жыл, сағат 16:00-де.

         Құрметті БАҚ өкілдері, Сіздерді О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі студенттерінің жұмыстарынан құралған «401» атты көрменің ашылуына шақырамыз!

Көрмеде 80 жылдық тарихы бар өнер колледжінің 401-шеберханасында дүниеге келген туындылар Алматылықтар мен қала қонақтары назарына ұсынылады. Картиналар 3 тақырыпты қамтиды: еркін тақырып, отбасы тақырыбы және әдеби туындылар.

Көрме жетекшісі Нұрбақыт Нұрболдың айтуынша, 401-шеберхана студенттердің шығармашылық шабытын оятатын екінші үйлері іспеттес. Мұнда олар қазақ прозасымен сусындап, шығарма кейіпкерлерін, сюжеттерін бейнелейді екен.

Көрмеде 20 қарашаға дейін жалғасады...