Бүгін Алматы музейінде қонақта мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Тұрарұлы Сейдуманов және қазақстандық жеңіл атлет, спринтерші, Сидней-2000 олимпиадасының чемпионы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ольга Васильевна Шишигина болды.

18 жылдық тарихы бар Алматы музейінің экспозициясын тамашалап, Алматы қаласының құрылу тарихына тереңірек үңілді. Қонақтар үшін арнайы биылғы жылы қала әкімдігінің қолдауымен қолға алынғалы отырған «Боралдай сақ қорғандары археологиялық паркінде» салынатын ғылыми институт жобасы көрсетіліп, экскурсия ұйымдастырылды.