Баспасөз баяны

«Ел бірлігі – достықта» атты көрме

Өтетін орны: «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК филиалы «Алматы музейі» Қабанбай батыр көшесі, 132

Уақыты: 14 сәуір 2017 ж. сағ. 15.00

т/ф. 272-43-21

e-mail: almamuseum.dep@gmail.com

            14 сәуір 2017 жылы сағ. 15.00 Алматы музейінде «Ел бірлігі – достықта» атты көрме ашылады. Қазақстан халқы Ассамблеясының көрмелер циклі аясында ұйымдастырылған көрме «Ариана» Ауған мәдени орталығына арналған.   

            1 наурыз 1995 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен әлемде теңдесі жоқ, мемлекеттің қоғамдық-саяси алаңында бірегей институт «Қазақстан халықтары Ассамблеясы» туралы заң қабылданды.

Ауған мәдени орталығы 2009 жылы Алматы қаласында құрылып, желтоқсан айында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі болды. Орталықтың басты мақсаты халық дәстүрін, мәдениетін, тілін және басқа да құндылықтарын сақтау, әрі дамыту болып табылады.

           Көрмеде алғаш рет «Ариана» Ауған мәдени орталығының материалдары: музыкалық аспаптары, ұлттық киімдері, зергерлік және тұрмыстық заттары мен тағы да басқа бұйымдары қойылған.

            Көрменің ашылуына Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, Алматы қаласындағы Ауғанстанның Бас консулы Саид Муиннудин Муин, Алматы қаласы әкімі аппараты КГУ «Қоғамдық келісім» директоры Мұрынова Ж.Ш., «Ариана» Ауған орталығының төрағасы Ахмадулла Васток, Алматыдағы  Ауғанстанның сауда жөніндегі атташесі Махмуд Ильяс қатысады. Сондай-ақ  ұлттық ән-би ансамбльдері өз өнерлерін көрсетеді.

Алматы музейі барлық алматылықтар мен қала қонақтарын көрмені тамашалауға шақырады.