«Қалалық Жетісу өркениеті (Қастек қалашығы)»  көрмесі

Жетісу жері  Қазақстан тарихында маңызды рөл атқаратын  ірі тарихи-мәдени аймақ болып табылады. Бұл аймақтарда пайда болған алғашқы мемлекеттер Сақтар мен Үйсіндер, Батыстүрік қағанаты, Түргеш қағанаты, Қарлұқ қағанаты, Қарахан мемлекеті және Қазақ хандығы қалыптасты.

Жетісу өңірі ежелгі егіншілік пен мал шаруашылығының аймағы болып,

Ұлы Жібек жолы арқылы Еуразия елдерімен байланыстырған урбанизациялық орталық болып табылады.

Ұлы жібек жолының  бір нүктесі болған қазіргі Қастек І қалашығы шамамен VII-XIII ғғ.қамтиды. Қалашықтың аумағы 300 га. жерді алып жатыр. Көне қалашық  Қастек ауылынан  оңтүстікке қарай 2,5 шақырым жерде, Суық - Төбе тауының етегінде орналасқан.

Ескерткішке қазба жұмыстар 2011 жылы Жетісу Археологиялық экспедициясымен  мен Ә. Марғұлан атындағы археология институты  А. Нұржановтың жетекшілігімен жерттеу жұмыстары жүргізілді.

Көрмеде бірегей керамикалық кешендер,  ас ыдыстары, сүйектен, қоладан жасалған бұйымдар, әскери қару-жарақтардың фрагменттері, жебе, сауыт пластиналары, шаруашылық құралдары т.б көпшілік назарына  ұсынылады.