Баспасөз баяны

«Соғыс жаңғырығы- мәңгі жүрегімізде» атты көрме

Өтетін орны: филиалы «Алматы музейі» Қабанбай батыр көшесі, 132

Уақыты: 5 мамыр 2017 ж. сағ. 15.00

«Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК

т/ф. 272-43-21

e-mail: almamuseum.dep@gmail.com

         5 мамыр 2017 жылы сағ. 15.00 Алматы музейінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 72 жылдығы құрметіне «Соғыс жаңғырығы- мәңгі жүрегімізде» атты көрме ашылады.

         Дүниежүзілік тарих бетіндегі қанды оқиға арасында жарты ғасыр уақыт жатыр, бірақ бұл қастерлі мейрамның мән мағынасы уақыт өткен сайын еш өшпек емес, себебі оның құндылығы  ғасырлар бойы жаңа жас буын ұрпаққа өсиет боларлық Ұлы күн. 

         Көрмеде Алматы музейінің қорында жинақталған Ұлы Отан соғысына қатысты фото материалдар, соғысқа қатысқан жауынгерлердің жеке кешені, мен тағы да басқа материалдар қойылған.

         Көрменің аясында Алматы музейі «Дети рисуют мир» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, Ұлы Отан соғысы тақырыбында салынған балалардың суреттерін ұсынады. Бұл тақырып өскелең ұрпақты патриоттық рух пен тарихқа баулу, Отан қорғаушылардың ерліктерін құрметтеуді тәрбиелеу мақсатында аса өзекті. Барлық жұмыстар үлкен өмір жолында тұрған өскелең ұрпақтың Ұлы Отан соғысы майданында құрбан болған жас сарбаздар мен офицерлерді, майдандағы шайқас сәттері сәттері бейнеленген.

         Көрменің ашылуына қоғамдық қор «Совет ветеранов ВОВ, тружеников тыла и детей войны» ардагерлері қатысады.

Алматы музейі барлық алматылықтар мен қала қонақтарын көрмені тамашалауға шақырады.