14 шілде 2017 ж. « Жас археологтар» мектебі жобасы аясында ұйымдастырылған ортағасырлық Қастек қалашығында археологиялық қазба жұмыстары өтті.

Ұлы жібек жолының бір нүктесі болған қазіргі Қастек қалашығы шамамен VII-XIII ғғ.қамтиды. Қалашықтың аумағы 300 га. жерді алып жатыр. Көне қалашық Қастек ауылынан оңтүстікке қарай 2,5 шақырым жерде, Суық - Төбе тауының етегінде орналасқан.

Ескерткішке қазба жұмыстар 2011 жылы Жетісу Археологиялық экспедициясымен мен Ә. Марғұлан атындағы археология институты А. Нұржановтың жетекшілігімен жерттеу жұмыстары жүргізілді.

 «Жас археологтар» үйірмесінің мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» жобасын жүзеге асырып жастардың Қазақстанның тарихи- мәдени нысандарын сақтаудағы рөлін айқындау және жастарды өлкенің тарихи және археологиялық орындарымен таныстыру болып табылады.

Экскурсия кезінде балалар қазба жұмыстарының орнын, өлкедегі ортағасырлық қалашықтары туралы және Ұлы Жібек жолының басты тораптары жайлы дәрістер тындады. Балалар археологиялық қазба жұмыстарында көздерімен көріп, қолмен ұстап, тарихи қалашықтың өткенін зерттеді. Сонымен қатар, музей қызметкерлері мен Ә. Х. Марғұлан атындағы археология институтының мамандары дәріс оқыды.

Жоба жаз бойы өткізіледі және екінші бағыты археологиялық парк «Боралдай сақ қорғандарына» бағытталған.