Пресс релиз

Көрме

Ұлттық валютаның 25 жылдығына арналған «Қазақстандағы ақша айналымы: ерте  заманнан бүгінге дейін» көрмесі өтеді. Өткізу уақыты: 8 қараша 2018 жыл; сағ: 10.00; Орны: Алматы музейі, Қабанбай батыр, 132; Ұлттық валюта күні мемлекеттік мерекесі қарсаңында еліміздің ірі тарихи-мәдени-ғылыми орталықтары Алматы музейі, ҚР Президенті Архиві, Отырар Мемлекеттік археологиялық қорық-музейі, «Әзірет Сұлтан» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі бірлесе отырып «Қазақстан аумағындағы ақша айналымы: көне заманнан бүгінге дейін» тақырыптық көрмесін ұсынады. Қазақ даласында, халықтың ұзын сонар өтпелі тарихында саяси-экономикалық, мәдени өмірінде үлкен әсері болған ортағасырлық қалалардың орны ерекше. Олардың қатарында Ясы-Түркістан, Сауран, Сайрам, Сығанақ, Отырар қалаларының орны ерекше. Қазақстан территориясында ерте кезеңдерден Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалалар қатарында Ясы-Түркістан және Отырар ортағасырлық қалаларының өлке тарихын зерттеуде алар орны ерекше. Ең алғашқы кешенді археологиялық зерттеу жұмыстарының осы қалаларда жүргізілуінің өзі осыны растап тұрғандай. Қазіргі таңда Қазақстан археологтарының қазба жұмыстары кезінде табылған ертеортағасырлық нумизматикалық табыстар мен жеке коллекционерлер жинақтары өлкедегі сауда-саттықты зерттеуге мүмкіндік бере алатын едәуір көлемдегі материалдар ұсына алады. Бүгінгі таңда «Әзірет Сұлтан» және Отырар археологиялық қорық-музейлерінің нумизматикалық жәдігерлер қорында аталмыш дәуірге тән біршама нумизматикалық материалдар жинақталған. Өлкенің сол кезеңдердегі материалдық-әлеуметтік, саяси-рухани өмірінен хабар бере алатын нумизматикалық материалдар негізінде Алматы музейінде төл валютамыз-теңге күніне орай нумизматикалық жәдігерлер көрмесін ұйымдастыру жоспарланып отыр. Көрме музейлер қорларының жинағындағы жәдігерлерден құрылып, көрме көрерменге мейлінше толық мәлімет беруі үшін, түрлі деректерден, қамтылып отырған дәуір нумизматикасына қатысты тиындардың суреттерін де қосымша материалдар ретінде ұсынады, өлкенің сол кезеңдегі сауда-саттық, әлеуметтік ахуалынан хабар беретін деректерді де қамтиды. Сонымен қатар, ҚР Президенті архиві қорынан алғаш рет жұртшылық назарына ҚР Ұлттық валютасы – теңгенің қалыптасу тарихын баяндайтын бірегей құжаттар, суреттер, экспонаттар ұсынылады. 3 бөлімнен тұратын көрменің алғашқы бөлімін музей қорындағы нумизматикалық материалдардың ең көне үлгілері-біздің дәуірдің ІІІ ғ.-нан бастау алып, VII-VIII ғғ. өлкенің түркі тайпаларының ықпалына өткен кезеңдеріндегі нумизматикасына қатысты жәдігерлер мен деректік материалдар құрайды. ІІ-ші бөлімде араб халифаты билігінің қарсаңындағы нумизматика және араб нумизматикасының ықпалына өткен кезеңдердегі, Саман, Қарахан әулеті билеушілері тұсында соғылған тиындар мен оларға қатысты ғылыми еңбектер қорытындылары мен сол кезеңдерден жеткен жазба ескерткіштерден алынған материалдар қамтылды. ІІІ-ші бөлімде өлкеде билігі үстемдік еткен Хорезмшах Мұхаммед бин Текеш атынан соғылған тиындар, ХІІІ-ші ғасырда өлкедегі билікті қолға алған моңғол билеушілерінің ақша түрлері мен музейлер қорларында кездеспейтін кей тиындардың суреттері мен сол кезең нумизматикасына қатысты материалдар қамтылады.

Алматы музейінде «Музей түні» атты мерекелік іс-шара өтеді

Баспасөз хабарламасы Өтетін орны:  «Алматы музейі»     Қабанбай батыр, көшесі 132 Уақыты:   18 мамыр   2017 ж. сағ.19.00   Байланыс: т\ ф. 272-43-21  тел.8702-153-80-80      18 мамыр 2017 жылы сағ. 19.00-23.00-де Алматы музейінде «Музей түні» атты мерекелік іс-шара өтеді. Жылда 1977 жылдан бастап мамырдың 18-жұлдызында музей қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелері- Халықаралық музейлер күнін мәдени мереке ретінде атап өтеді. 1978 жылдан бастап әлемнің 150-ден астам елінде тойланатын болды. Бұл күні музейлерде қалалық «Музей түні» акциясы өтеді.          Мерекені атап өтудің басты мақсаты жалпы қоғам мен жеке адамның өміріндегі музейлердің алатын орны мен мәніне назар аудару.          «Музей түні» акциясы аясында Алматы музейі арнайы бағдарлама ұсынады: музейдің экспозициялық залдарында тегін экскурсиялар, концерттік бағдарлама, қолданбалы қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі, шеберлік сабақтар, викториналар, квест ойыны, «Музейдегі үздік Селфи» конкурсы, «жәдігерлер жерде қалмасын» акциясы және көптеген өзге шаралар.          Акцияға келушілер саны шамамен 3500 адам.          Алматы музейі барлық алматылықтар мен алматы қонақтарын мерекелік бағдарламаны көруге шақырамыз. 

«Соғыс жаңғырығы- мәңгі жүрегімізде» атты көрме

Баспасөз баяны «Соғыс жаңғырығы- мәңгі жүрегімізде» атты көрме Өтетін орны: филиалы «Алматы музейі» Қабанбай батыр көшесі, 132 Уақыты: 5 мамыр 2017 ж. сағ. 15.00 «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК т/ф. 272-43-21 e-mail: almamuseum.dep@gmail.com          5 мамыр 2017 жылы сағ. 15.00 Алматы музейінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 72 жылдығы құрметіне «Соғыс жаңғырығы- мәңгі жүрегімізде» атты көрме ашылады.          Дүниежүзілік тарих бетіндегі қанды оқиға арасында жарты ғасыр уақыт жатыр, бірақ бұл қастерлі мейрамның мән мағынасы уақыт өткен сайын еш өшпек емес, себебі оның құндылығы  ғасырлар бойы жаңа жас буын ұрпаққа өсиет боларлық Ұлы күн.           Көрмеде Алматы музейінің қорында жинақталған Ұлы Отан соғысына қатысты фото материалдар, соғысқа қатысқан жауынгерлердің жеке кешені, мен тағы да басқа материалдар қойылған.          Көрменің аясында Алматы музейі «Дети рисуют мир» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, Ұлы Отан соғысы тақырыбында салынған балалардың суреттерін ұсынады. Бұл тақырып өскелең ұрпақты патриоттық рух пен тарихқа баулу, Отан қорғаушылардың ерліктерін құрметтеуді тәрбиелеу мақсатында аса өзекті. Барлық жұмыстар үлкен өмір жолында тұрған өскелең ұрпақтың Ұлы Отан соғысы майданында құрбан болған жас сарбаздар мен офицерлерді, майдандағы шайқас сәттері сәттері бейнеленген.          Көрменің ашылуына қоғамдық қор «Совет ветеранов ВОВ, тружеников тыла и детей войны» ардагерлері қатысады. Алматы музейі барлық алматылықтар мен қала қонақтарын көрмені тамашалауға шақырады.

«Боралдай сақ қорғандарының» археологиялық паркінде өтетін жаңа экскурсиялық бағыттың тұсаукесері болады

Алматы БАҚ үшін АҢДАТПА Өткізу күні: 2017 жылғы 18 сәуір. Өткізу уақыты:  сағ. 10. 00 Өткізу орны: Алматы қаласы, Алатау ауданы, «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық паркі. Алматы қаласының Мәдениет басқармасы, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы мен Алматы  музейі Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне ұйымдастырылатын Ашық аспан астындағы  «Боралдай сақ қорғандарының» археологиялық паркінде өтетін жаңа экскурсиялық бағыттың тұсаукесеріне  қаламыздың белсенді жастарын атсалысуға, сондай-ақ көне ескерткіш аумағына тазалық жұмыстарын жүргізуге шақырамыз. Экскурсияны Алматы музейінің ғылыми  қызметкерлері жүргізеді. Анықтама үшін тел                87074467749                87078382983                                                                                                            

«Қалалық Жетісу өркениеті (Қастек қалашығы)»  көрмесі

«Қалалық Жетісу өркениеті (Қастек қалашығы)»  көрмесі Жетісу жері  Қазақстан тарихында маңызды рөл атқаратын  ірі тарихи-мәдени аймақ болып табылады. Бұл аймақтарда пайда болған алғашқы мемлекеттер Сақтар мен Үйсіндер, Батыстүрік қағанаты, Түргеш қағанаты, Қарлұқ қағанаты, Қарахан мемлекеті және Қазақ хандығы қалыптасты. Жетісу өңірі ежелгі егіншілік пен мал шаруашылығының аймағы болып, Ұлы Жібек жолы арқылы Еуразия елдерімен байланыстырған урбанизациялық орталық болып табылады. Ұлы жібек жолының  бір нүктесі болған қазіргі Қастек І қалашығы шамамен VII-XIII ғғ.қамтиды. Қалашықтың аумағы 300 га. жерді алып жатыр. Көне қалашық  Қастек ауылынан  оңтүстікке қарай 2,5 шақырым жерде, Суық - Төбе тауының етегінде орналасқан. Ескерткішке қазба жұмыстар 2011 жылы Жетісу Археологиялық экспедициясымен  мен Ә. Марғұлан атындағы археология институты  А. Нұржановтың жетекшілігімен жерттеу жұмыстары жүргізілді. Көрмеде бірегей керамикалық кешендер,  ас ыдыстары, сүйектен, қоладан жасалған бұйымдар, әскери қару-жарақтардың фрагменттері, жебе, сауыт пластиналары, шаруашылық құралдары т.б көпшілік назарына  ұсынылады.

«Ел бірлігі – достықта» атты көрме

Баспасөз баяны «Ел бірлігі – достықта» атты көрме Өтетін орны: «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК филиалы «Алматы музейі» Қабанбай батыр көшесі, 132 Уақыты: 14 сәуір 2017 ж. сағ. 15.00 т/ф. 272-43-21 e-mail: almamuseum.dep@gmail.com             14 сәуір 2017 жылы сағ. 15.00 Алматы музейінде «Ел бірлігі – достықта» атты көрме ашылады. Қазақстан халқы Ассамблеясының көрмелер циклі аясында ұйымдастырылған көрме «Ариана» Ауған мәдени орталығына арналған.                1 наурыз 1995 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен әлемде теңдесі жоқ, мемлекеттің қоғамдық-саяси алаңында бірегей институт «Қазақстан халықтары Ассамблеясы» туралы заң қабылданды. Ауған мәдени орталығы 2009 жылы Алматы қаласында құрылып, желтоқсан айында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі болды. Орталықтың басты мақсаты халық дәстүрін, мәдениетін, тілін және басқа да құндылықтарын сақтау, әрі дамыту болып табылады.            Көрмеде алғаш рет «Ариана» Ауған мәдени орталығының материалдары: музыкалық аспаптары, ұлттық киімдері, зергерлік және тұрмыстық заттары мен тағы да басқа бұйымдары қойылған.             Көрменің ашылуына Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, Алматы қаласындағы Ауғанстанның Бас консулы Саид Муиннудин Муин, Алматы қаласы әкімі аппараты КГУ «Қоғамдық келісім» директоры Мұрынова Ж.Ш., «Ариана» Ауған орталығының төрағасы Ахмадулла Васток, Алматыдағы  Ауғанстанның сауда жөніндегі атташесі Махмуд Ильяс қатысады. Сондай-ақ  ұлттық ән-би ансамбльдері өз өнерлерін көрсетеді. Алматы музейі барлық алматылықтар мен қала қонақтарын көрмені тамашалауға шақырады.