Бабадан қалған байтақ мекеніміздің Ұлы мұрасын шашау шығармай сақтап келе жатқан қасиетті орда – ол музейлер. Тамыры терең, тарихы тасқа қашалған Ел мәдениетінде алар орны, атқарар ролі, арқалар жүгі ерекше.
Бүгін жарық көрген Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында да музейлерге ерекше мән беріліп, зіл батпан жауапкершілік те жүктелген.
Ия, сан тарихтан сыр шертіп, сайын даланың сырына үңілуге көмектесетін «Алматы қаласы музейлер бірлестігіне» қарасты мұражайлар да Ұлы Даланың асқақ рухын сезінуге мүмкіндік беретін орындар.
Мақалада көрсетілген мәселелер терең зерделеуді, ойлануды, көп мәселені, соның ішінде, тарихи сананы жаңғыртуды ой сүзгісінен өткізуді қажет етеді.
Мың жылдық шаһар тарихының шырақшылары – Алматы музейлері де Ұлы дүбірге үн қоспақшы!