29 тамыз 2017 жылы сағ 11.00-де Конституция күніне орай Алматы музейі және «Жас Отан» жастар қанатының бірлесіп ұйымдастырған «Өз құқығынды білесің бе?» атты кездесу сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты - оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, патриоттық тәрбие беру. Кездесуге Алмалы ауданының ювениалдық полициясының аға инспекторы, полиция капитаны Дайырбекова Айжан Ержігітқызы, аға инспектор, полиция майоры Исламова Аида Серікқызы және облыстық №1балалар үйінің директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Қалдыбек Әйгерім Рысқазықызы қатысты.