Биылғы жыл қазақстандықтар үшін ерекше жыл. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында 2019 жыл – Жастар жылы деп жариялаған болатын. Жолдау аясында әртүрлі іс – шаралар қалалық және аудандық деңгейде ұйымдастырылып келеді.

5 ші наурыз күні, Алматы музейінде келе жатқан көктем мерекелері қарсаңында, Алматы жастарының шығармашылығын қолдау және алматылықтар мен қала қонақтарына көктемдік көңіл-күй сыйлау мақсатында «Алматы көктемі» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге «Сымбат» Дизайн және технология академия колледжі студенттерінің қолынан шыққан киім-бұйымдары қойылып, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты, танымал суретшісі Анар Әбжанованың туындыларымен безендірілді, сондай-ақ келген қонақтарға арнап жас ақындар мен әншілердің қатысуымен концерттік нөмірлер қойылды.