21 сәуір күні Алматы музейінде «Музей коды: 1991» атты квест өтті.

Жоба авторлары – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығының студенттері.Ереже бойынша қатысушылар берілген тапсырмаларды орындау арқылы жинақталған құпия кілтті ашу керек. Квест өз мақсатына жетті: студенттер кодты шешіп қана қоймай, топпен жұмыс жасай білді және таным көкжиектерін кеңейтті.Студент-музейтанушыларға музей ұжымы атынан үлкен алғыс білдіреміз және бастаған істеріңізге сәттілік тілейміз!Аталған квест 18 мамыр «Музей түні» акциясында да өткізіледі. Жаңалық күтіңіздер!