Жанша Арыстанова – халық қолөнер шебері, КСРО Суретшілер одағының мүшесі болған жалғыз қазақ әйелі. Ұлттық ою-өрнектер салып текемет, сырмақ жасап, алаша, басқұр, ши тоқыған. Арыстанованың құс, түйе, жылқы, т.б. жануарлардың суретін ойып сырған сырмақтары мен тұмарша, қошқар мүйіз, ағаш жапырақтарын салған теңдеме ою, жүздеме ою, сыңар ою түрлерімен әшекейленген текеметтері халықтың қолөнер қазынасын байытты. 1961- 64 жж. Республикалық қолөнер шеберлерінің көрмелеріне қатысты.

Көрмеде ҚР Мемлекеттік Орталық музейі және Қазақстан мемлекеттік өнер мұражайы қорларында сақталып келген Ж. Арыстанова туындылары көрермен назарына ұсынылды.

Көрме Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы қолдауымен ұйымдастырылды.